Басты бет Жаңалықтар Қостанайда құбыр жарылып, 30 үй жылудан ажыратылды

Қостанайда құбыр жарылып, 30 үй жылудан ажыратылды

Қостанай көшелерінің бірінде жерасты жылу құбырында апат болып, 30 тұрғын үй кешені жылусыз қалды. Бұл туралы "Қостанай жылу энергетика" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ауа райының жылынуына байланысты 20 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап Герасимов көшесінде жарылған жерасты жылу желісін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылған құбырдың диаметрі 400 миллиметр. Осыған байланысты 30 тұрғын үй, яғни 2 164 абонент жылудан ажыратылды. Сағат түнгі 00:00 шамасында жылу желісі толық жөнделіп, жылу беріледі, — делінген хабарламада.

Уақытша жылудан ажыратылған үйлердің мекенжайы:

  • Герасимов көшесіндегі №2Б, №7, №8, №9, №10, №12 үйлер;
  • Аэропорт шағынауданындағы №6, №7, №8, №9, №10, №12, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №26, №28, №29, №30, №32, №33, №35, №35А, №38, №39, №45 үйлер;
  • Аэропорт көшесіндегі №1 үй;
  • № 29 орта мектеп пен «Қостанай» халықаралық әуежайының ғимараты.

Exit mobile version