Басты бет Жаңалықтар Қандыағашта Сирияға кетпек болған сегіз әйел ұсталды

Қандыағашта Сирияға кетпек болған сегіз әйел ұсталды

Сирияға кетпекші болып жүрген жерлерінен ұсталған сегіз әйелдің арасында 17-18 жастағы жастағы қыздар да болған. Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды

Көрнекі сурет

Астыртын әрекеттері әшкере болған әрбір екінші әйел бірнеше мәрте тұрмыста болған. Яғни, оларды дін жолын ұстанатын күйеулері талақ еткен.
Ақпарат беруші мешіт қызметкерінің (аты-жөнін жасырын қалдырған) айтуынша Сирия аспақ болған сегіз адамның арасында 17-18 жас аралығындағы бойжеткендер де бар. Күштік құрылымдар аталған сегіз азаматшаның үшеуін жауапқа тартыпты.

Мұғалжар ауданының теолог маманы Темірғали Сейфуллин “бұл – жабық ақпарат”, – деп қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Бірақ ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Ал Мұғалжар ауданының бас имамы қазір қызмет бабымен іс сапарға кеткен. Сондықтан бас имаммен байланысу мүмкін болмады. Аудандық ішкі саясат бөлімінен де түсініктеме ала алмадық. Сәлден соң Қандыағаштан өзі хабарласқан теолог Темірғали Сейфуллин “Сіздер мұндай ақпаратты қайдан алып жүрсіздер? Бұл біздің Қандыағашта болған жағдай емес!” деп ақталды.

Қазір шағын қалада ауылдастарының Сирия асып кетпекші болғаны туралы желдей есіп тұр. “Зейнетақының жайымен поштаға барған едім. Кезекте тұрған адамдар сегіз әйел соғысқа кетпек болған-деп шулап жатты. Арасында жап-жас қыздар да бар көрінеді”,-дейді Қандыағаштың Ж. есімді тұрғыны.

Ақтөбеде діни ахуалдың күрделі екендігі ешкімге де құпия емес. Сөйте тұра ресми органдар жауырды жаба тоқудан танбай отыр. Осы аптада дін жолын ұстанатын 20 жастағы жігіттің мектеп оқушысымен неке қидыртпақ болғаны да әшкере болған еді.

7 пікір

  1. Жібере салу керек еді. Өз елінен қашып, бөтен елде миларына ми құйып берер еді. Сол кезде білер еді туған елдің қадірін.

  2. Осындай іске азғырып отырғандар жасырын қалып тұр ғой .Ол әйелдер өздігінен барам деп шешім шығара алмайды ғой.Азғырып, басын айналдырғандарды қамау керек.

  3. Бүның бəрі өсек тарату. Осындай əрекет дин жолындада, үкімет жағынанда тыім салынған жағымсыз- қауптыда іс. Еліміздін тыныштығын сақтайық! Ал осындай жағдай орын тапса- өған іліміда жететін, қолынанда келетін органдар бар. Ал өсекшілерді қарғыс атсын!

  4. Батыр болсандар казакстанды коргандар сирияга баруга болмайды басшыга багынындар аллага шукыр етындер

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version