Басты бет Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысында тасжолдардың бірі жабылды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолдардың бірі жабылды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолдардың бірі жабылды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Фото: Pavlodarnews.kz

Республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 6-66 шақырымы (Ушановское ауылынан Серебрянск ауылына дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады, — делінген хабарламада.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобайл қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Exit mobile version