Басты бетЖаңалықтарАлматыда мұз...

Алматыда мұз көшкіні жүру қаупі сақталады

ТЖД мәліметінше, алдағы тәуліктерде Алматы өзендерінің арналарына жақын жерде мұзды су тасқыны, мұз көшу қаупі сақталады.

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты өзендерде мұз қабаттары пайда бола бастайды. Ұзақ уақытқа созылған аяз немесе кенеттен жылыну салдары мұз көшкініне әкелуі мүмкін. Жақын күндері мұз көшкінінің жүру қаупі сақталады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы және тағы басқа өзен арналарынан алыс болуға шақырамыз, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар инженерлік-инспекторлық құрам қаланың су айдындары мен өзен арналарына мониторинг жүргізіліп жатыр. Әуежай, Қайрат, Шестуха көлдерінде демалушылар анықталған жоқ. Бұл бағытта жұмыс барлық аудандарда жүргізіледі.

Алматы аумағында қыс мезгілінде қауіп төндіретін 10 су айдыны бар.

Еске салайық, 13 желтоқсан күні Алматыда ауа температурасының ауытқуына байланысты мұз көшіп, Есентай өзенінің жағалауындағы қоршауды бұзып кеткен болатын.