Басты бет Жаңалықтар Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті

Бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті

Бірнеше өңірде қатты аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшті.

Фото: Тengrinews.kz

Қарағанды мен Теміртау, Жезқазған қалаларындағы мектептерде 0-9 класс оқушылары онлайн оқиды.

Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.

Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 класс оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 кластарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

Exit mobile version