Басты бет Жаңалықтар Астанадан ұшып шыққан ұшақ Мәскеуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

Астанадан ұшып шыққан ұшақ Мәскеуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

Астанадан ұшып келген Boeing 737-300 "Шереметьево" әуежайына шұғыл қонды. Оған гидрожүйедегі техникалық ақау себеп болған.

Фото: Рarstoday.com

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл SCAT Airlines әуе компаниясының борты.

Астана – Мәскеу бағытындағы Boeing 737-300 сол жақ гидрожүйесі істен шығып, датчик іске қосылғаннан кейін «Шереметьево» әуежайына шұғыл қонды, — деп хабарлады шұғыл қызметтегілер.

Әуе кемесі әуежайға штатты режимде қонды.

Exit mobile version