Басты бет Жаңалықтар Екібастұздағы мектеп пен балабақшаларға жылу қашан қосылады?

Екібастұздағы мектеп пен балабақшаларға жылу қашан қосылады?

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұздағы мектеп пен балабақшаларға жылу қашан берілетінін айтты.

Фото: Константин Шелков

Оның айтуынша, 5 желтоқсаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу қайтадан қосылады.

Қазір тұрғын үйлерге жылу тасымалдағыштар беріп жатырмыз. Ендігі кезекте — су құбырын қалпына келтіру. 5 желтоқсаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беруді қалпына келтіруге кірісіп жатырмыз. Бізде 52-орталық жылу пунктінде үш нысан бар, оған қоса параметрлер бар. Қалпына келтірген бойда мектептер мен балабақшаларды жылумен қамту режимін қалпына келтіру мәселесі дереу қаралады, — деді Олег Крук.

Еске салайық, қарашаның 27-сіне қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды.

Exit mobile version