Басты бет Жаңалықтар Жетісу өңірінде облыстық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі жабылды

Жетісу өңірінде облыстық маңыздағы тас жолдың бір бөлігі жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңыздағы Қоғалы – Шұбар – Көксу – Қарабұлақ тас жолының бір бөлігі жабылды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

3 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, айналаның көріну деңгейінің күрт нашарлауы) шектеулер енгізілді. Қоғалы – Шұбар – Көксу – Қарабұлақ тас жолының 68-74 шақырым аралығындағы жол учаскесі жабылды”, — делінген хабарламада.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қатысты.

Exit mobile version