Басты бет Жаңалықтар Қазақстанға 210 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізілді

Қазақстанға 210 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізілді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы елімізге Pfizer вакцинасының 210 мың дозасы жеткізілгенін айтты.

Фото: Dado Ruvic/Reuters

Словакиядан гуманитарлық көмек алдық. Екпе алғысы келетіндердің барлығы вакцина салдыра алады. 210 мың доза Pfizer бар. Көбіне адамдар ревакцинацияны бір дозамен салдырады, — деді министр сенаттағы үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір елімізде вакцинаның үш түрі бар. Осы орайда QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар.

Екпе салу жүріп жатыр. Тәулік сайын 2-3 мың адам ревакцинацияға келіп жатыр, — деді министр.

Exit mobile version