Басты бет Жаңалықтар Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

Айдарбек Сапаров. Фото: Іnform.kz

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған. Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін (1992) зооинженер мамандығы бойынша; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін (2006) «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1983 жылдан — Солтүстік Қазақстан бухгалтерлер мектебінің оқушысы (Петропавл қаласы).

1984 жылдың тамызынан — Калинин атындағы кеңшардың есепшісі (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы).

1984 жылдың қазанынан — кеңес әскерінің қатарында қызметте. 1987 жылдан — Омбы ауыл шаруашылығы институтының студенті.

1992 жылдан — Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы). 1995 жылдан — «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры (Петропавл).

2003 жылдан — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, 2005 жылдан — бірінші орынбасары (Петропавл). 2006 жылдың наурызынан — ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы, 2006 жылдың қыркүйегінен — облыстық аймақтық инспекциясының бастығы (Петропавл). 2006 жылдың қарашасынан — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.

2010 жылдың сәуірінен бері — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

Exit mobile version