Басты бет Жаңалықтар Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш-мемориалына гүл шоғын қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті, — делінген хабарламада.

Фото: t.me/bort_01

Exit mobile version