Басты бет Жаңалықтар Тоқаев ҰҚК мен Антикор төрағаларын тағайындады

Тоқаев ҰҚК мен Антикор төрағаларын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК, Антикор және қаржылық мониторинг агенттігінің басшыларын қызметке қайта тағайындады.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Абайұлы Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымында қалды.

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Айта кетері, олар бұған дейін де аталған ведомстволарды басқарды.

Exit mobile version