Басты бет Жаңалықтар Елімізде жүргізушілер үшін мобайл қосымша іске қосылды

Елімізде жүргізушілер үшін мобайл қосымша іске қосылды

Қазақстанда жүргізушілер үшін Sapar мобайл қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады. 

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымшада республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының, айналма жолдардың ашылуы/жабылуы, жөндеу жұмыстары, ауа райы туралы хабар алдын ала таратылатынын, пайдаланушылар ол қосымшаны онлайн және офлайн режимде қолдана алады.

Бұл қызметте республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан сервистік нысандар туралы өзекті ақпараттар болады. Қолданба қазір PlayMarket-те қолжетімді, ал жақын арада AppStore-да қолжетімді болады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version