Басты бет Жаңалықтар Министр елімізде азық-түлік қымбаттауының басты себебін айтты

Министр елімізде азық-түлік қымбаттауының басты себебін айтты

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сауалға жауап берді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Негізгі мәселе – біз өнімді ең қажет уақытқа дейін – көктемнің басынан ортасына дейін сақтай алмаймыз. Сақтау орындары өте аз. Оның ішінде әсіресе климат бақылауы бар орындар аз, — деді Серік Жұманғарин.

Министр 1,5 жыл ішінде сүт өнімдері, тауық еті өндірісін арттырған Солтүстік Қазақстан облысы туралы айтты.

Ол үшін қаражат көп қажет болған жоқ. Бүгінде біз сол тәжірибені сараптай келе оны биыл да қайталағымыз келеді. Әр облысқа 20-25 миллиардтан бөлуге болады, — деді министр.

Exit mobile version