Басты бет Жаңалықтар Жаңбыр, аяз, көктайғақ: 21-23 қараша күндері ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, аяз, көктайғақ: 21-23 қараша күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21, 22 және 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады.

22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта — қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version