Басты бет Жаңалықтар Алматыда құрылыс материалдарын сататын сауда бутиктері өртенді

Алматыда құрылыс материалдарын сататын сауда бутиктері өртенді

Алматыда 18 қарашада "Бақорда" сауда үйінің жанындағы құрылыс материалдарын сататын сауда бутиктері өртенді.

Фото: Алматының төтенше жағдайлар департаменті

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 13:56-да Алатау ауданындағы, Ырысты, 46/2А көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 5 минут ішінде жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын өртті ауыздықтады. Өрт сағат 14:25-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Exit mobile version