Басты бет Жаңалықтар Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне құтқарушылардың құрметіне мурал салынды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Арт-нысан «Айнабұлақ» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінде пайда болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, муралға арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Сондықтан да ел құрметіне бөленген мамандық. Қабырғада кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші – құтқарушы бейнеленген.

Айта кету керек, ұқсас бейнелер, мүсіндер төтенше жағдайларды жоюға да, олардың алдын алуға да қатысқан барлық құтқарушылардың ұжымдық бейнесі. Муралда тек өрт сөндірушінің бейнесі ғана емес сонымен қатар ТЖ болған жағдайда хабарласу қажет — «112» номері бейнеленген. Муралдың мақсаты- тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру, — делінген хабарламада.

Exit mobile version