Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасының төрағасы Ростислав Коняшкин әскери билеттер еGov mobile платформасына қашан шығарылатынын айтты.

Әлеуметтік желілерде және БАҚ-та әскери билетті цифрландыру туралы хабар жарияланды. Қорғаныс министрлігінен осындай ұсыныс болды ма? Бұл жұмыстар басталды ма?, — деп сұрады тілшілер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ростислав Коняшкин қорғаныс министрлігімен, оның ішінде әскери билет, тіркеу куәлігі бойынша, осы құжаттарды цифрлық форматқа шығару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Бұл құжаттарды цифрландыру жұмыстарын жоспарлап отырмыз, тіпті бастап кеттік деуге болады. Менің ойымша, бұл жұмыс келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Биыл басымдықтар бойынша ел басшылығы қойған басқа да міндеттерді іске асырамыз, — деді Ростислав Коняшкин.

Exit mobile version