Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Алматыдағы табиғи апаттарды ескерту жүйесін жетілдіруді тапсырды

Тоқаев Алматыдағы табиғи апаттарды ескерту жүйесін жетілдіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы жұртшылығымен кездесуі кезінде табиғи апаттарды ескерту жүйесін жетілдіруді тапсырды.

Фото: t.me/bort_01

Президент Алматыда болуы мүмкін жер сілкінісін дәл болжау және ертерек ескерту өте маңызды екенін айта келе, 2025 жылға қарай 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтауды, кейіннен оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырды. Сонымен қатар қалада төтенше жағдайлар туралы дыбыстық хабарламаларды жіберу мүмкіндігі бар біріктірілген ескерту жүйелерінің жұмысын жүргізу жүктелді. Осы орайда әкімдік ситуациялық орталықтың қызметін толық іске қосуы керек.

Орталық бейнебақылау, жолдағы трафиктен, қоңырау шалу белсенділігінен және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерінен алынған деректерді біріктіруі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Exit mobile version