Басты бет Жаңалықтар 1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге, — деп жауап берді министр үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70% дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

70% — бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10% — бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары, — деп түсіндірді Ильин.

Exit mobile version