Басты бет Жаңалықтар Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен алты жігіт ұсталды

Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен алты жігіт ұсталды

Ақтауда дәмханадағы төбелеске байланысты 6 күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар "Кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша іс қозғалды.

Фото: Polisia.kz телеграм каналы

Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, қамауға алды.

Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді, делінген полиция хабарламасында.

12 қарашада Ақтаудағы «WOW» дәмханасында атыс болғаны хабарланды. Маңғыстау облыстық ауруханасына 19 жастағы екі азамат жеткізілген. Олардың біреуі оқтан жараланған, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты тіркелді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Exit mobile version