Басты бет Жаңалықтар Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Фото: Sports.kz

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпы саны 21 медаль жеңіп алды: алтауы – алтын, жетеуі – күміс, сегізі – қола медаль.

Өзбекстан 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) Қазақстаннан кейінгі орынға орнықты.

Үндістанда 12 жүлде бар (4 алтын, 2 күміс, 6 қола), осылайша олар үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:

1. Қазақстан — 6-7-8

2. Өзбекстан — 6-3-4

3. Үндістан — 4-2-6

4. Иордания — 2-3-2

5. Таиланд — 2-2-1

6. Жапония — 1-5-1

7. Оңтүстік Корея — 1-1-4

8. Тайвань — 1-0-3

9. Филиппин — 1-0-2

10. Вьетнам — 1-0-1

11. Моңғолия — 0-2-8

12. Қырғызстан — 0-0-4

13. Иран — 0-0-2

13. Тәжікстан — 0-0-2

15. Пәкістан — 0-0-1.

Айта кетсек, 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатын бірінші болып қыздар аяқтады. Олардың еншісінде үш алтын, бір күміс, бес қола бар. Ал жігіттер 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Exit mobile version