Азиада: Галина Вишневская екінші алтынын алды

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Азияданың екінші алтынын жеңіп алды.

Галина Вишневская. Фото: Zimbio.com

Ол әйелдер арасындағы 10 шақырымға із қуу жарысында үздік нәтиже көрсетті.

Еске салайық, Вишневская Қазақстан қоржынына 7,5 шақырымға спринтерлік жарыста алтын медаль салған еді. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version