Басты бет Жаңалықтар Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келді

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келді

Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу трассасында болған апат салдары жойылды. Бұл туралы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де «Алматы жылу желілері» ЖШС бригадасы диаметрі 400 миллиметр құбырды қалпына келтірді. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілген және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілген. Қазір белгіленген режимде жұмыс жасап тұр.

Сонымен қатар Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Асфальт жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда биыл 13 қарашаға дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Оқыс жағдай туындаса (су, бу шығарындылары) +7-727-378-06-65 телефоны бойынша «АлТС» ЖШС апаттық-диспетчерлік хабарласуды әрі өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы хабарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылған еді.

Exit mobile version