Басты бет Жаңалықтар Тұңғыш президент туралы заңның күші қашан жойылады?

Тұңғыш президент туралы заңның күші қашан жойылады?

Тұңғыш президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.

Фото: Matritca.kz

Конституциядан Елбасы жөніндегі пунктер алынды ғой. Қазір еліміздің заңдарын Ата заңға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр, — деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, бұл жұмыстардың аясында «Тұңғыш президент-Елбасы» туралы заң қазір мәжілістің профильді комитеттерінде қаралып жатыр.

Жылдың аяғына дейін мәжілістің жалпы отырысына ҚР тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесі дауысқа қойылатын болады, — деді депутат.

Exit mobile version