Автопарк директоры Егор Жигловтың айтуынша, жүргізуші бас сүйек жарақатымен ауруханаға түскен.
Жүргізуші қазір нейрохирургияда жатыр. Оның миы шайқалған, жағдайы тұрақты, — деді Жиглов.
№98 автобустың жүргізушісі 35 жаста екені белгілі болды. Автопарк өкілінің айтуынша, жүргізуші 2022 жылдың мамырынан бері жұмыс істейді. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
2012 жылдан бергі тәжірибесі бар. Жүргізушінің сипаттамасы жақсы болды, ол бұрын мұндай оқиғаларға қатыспаған. Қазір ол әлі де шок жағдайында, ештеңе есінде жоқ және сөйлемейді. Уақытша есін жоғалтқан, — деді тасымалдаушы компания директоры Егор Жиглов.