Apple компаниясы қытайлық әлеуметтік желіні жапқызып тастады

Apple компаниясы қытайлық әлеуметтік желінің доменін сатып алып, желіні жапқызып тастады.

Жақында Купертино бағдарламалаушылары iCloud.net доменін алған еді. Енді сайтта әлеуметтік желінің тек ақпан айының соңына дейін істейтіні жазылған ескерту тұр. Сайттың бұрынғы иелері қолданушыларға аккаунттарын өздері өшіруін сұрайды, себебі ақпан айының соңында барлығы автоматты түрде өшіріледі екен.

Бұл турады қытайлық желінің басшысы Тонг Ли былай дейді:

«Иә, біз iCloud.net-ті жауып, қызметімізді тоқтатамыз. 2011 жылы басталған өз міндетін атқарды, енді демалысқа кетеміз».

Айта кетейік, Apple компаниясы 2011 жылы Xcerion компаниясынан құны 5,2 млн. болатын iCloud.com доменін де сатып алған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version