Басты бет Жаңалықтар Алматы көшелерін су басу мәселесі қалай шешіледі?

Алматы көшелерін су басу мәселесі қалай шешіледі?

Алмалы ауданында үнемі су басатын 12 учаске анықталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, Әйтеке би көшесінің Назарбаев даңғылы, Абылайхан даңғылы және Панфилов көшесімен қиылысындағы, сонымен қатар Масаншы көшесінің Мақатаев көшесімен қиылысындағы учаскелер коллекторға қосылды.

Жыл соңына дейін Мақатаев көшесінің бойындағы жалпы ұзындығы 3,6 километр коллектор қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының бойынан қосымша 2,3 километр жаңа арық желісі мен 1,6 километр канал саламыз, — деді Ерболат Досаев.

Досаевтың айтуынша, осы айда әкімдік 52 учаскеде 34 километр арық желісін реконструкциялауды және салуды бастайтынын айтып өтті. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Exit mobile version