Басты бет Жаңалықтар Президент шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты

Президент шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.

Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасындағы апатта қаза болған жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза болған жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта.

Exit mobile version