Басты бет Жаңалықтар Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада жалғасады

Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада жалғасады

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада жалғасады.

Видео скрині

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы биылғы 11 тамызда басталды.

Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратынща, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Ал кеше, 31 қазанда өткен сот отырысында прокуроратура өкілі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.

Exit mobile version