Басты бет Жаңалықтар Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды.

Фото: Instagram/qaz.iceteam

Бұл туралы Vesti.kz басылымы хабарлады.

Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті.

Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді.

Exit mobile version