Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайында ауа райы салдарынан рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында ауа райы салдарынан рейстер кешігіп жатыр

Бүгін тұманнан жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы халықаралық әуежайында екі рейс кешіктірілді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Аlaport.com

Сағат 8:20-да ұшуы тиіс болған «Южный ветер» әуе компаниясының 3101 Алматы-Балқаш рейсі сағат 10:02-де ұшты. Сонмен қатар сағат 8:40-та ұшуы тиіс болған 821 Алматы-Мәскеу рейсі сағат 9:47-де ұшты,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазгидромет бүгін Алматыда ауа райы бұлтты, түнде жаңбыр жауатынын хабарлады.

Exit mobile version