Басты бет Жаңалықтар Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz

Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады.

30 қазанда елдің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болжанады.

Ауа температурасы:

батыста түнде -2 градустан +11-ге дейін жылынады. Күндіз +3 +17-ге дейін жыны болады;

солтүстік-батыста түнде -13 +2-ге дейін, -7 +3-ке дейін; күндіз -5 +8-ге дейін, 0-ден +10 жылыға дейін ауытқиды;

солтүстікте түнде -5-10 аязға дейін, -7 аяздан +2 жылыға дейін; күндіз -3 +2-ге дейін, 0-ден +5-ке дейін ауысады;

түнде орталықта -5-13 аяздан -3 +5 жылыға дейін; күндіз -3 аяздан +8 жылыға дейін, 0-ден +8 жылыға дейін ауытқиды;

шығыста түнде -5-13 аяздан, -6 аяздан +3 жылыға дейін; күндіз -7 аяздан +2 градус жылыға дейін, 0-ден +8 жылыға дейін ауысады;

оңтүстікте түнде -5 аяз +8 жылы;күндіз +10+20 жылыдан +3+15 жылыға дейін ауытқиды;

оңтүстік-шығыста түнде -13 аяздан +5 жылыға дейін, -8 аяздан +5 жылыға дейін жоғарылайды; күндіз 0-ден +12 жылыға дейін, +2+15 жылыға дейін ауытқиды.

Exit mobile version