Басты бет Жаңалықтар Антикор Алматы Медеу ауданы әкімінің аппаратымен семинар-кеңес өткізді

Антикор Алматы Медеу ауданы әкімінің аппаратымен семинар-кеңес өткізді

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Медеу ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, әкімдік қызметкерлері мен аудан тұрғындары үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңын түсіндіру тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Бұл туралы әгенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес барысында тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кең ауқымды ақпараттық науқанды ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс талқыланды.

Сонымен қатар кеңес барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды. Сонымен бірге қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс нәтижелеріне жеке тоқталды, — делінген хабарламада.

Іс-шара проблемалық мәселелерді талқылау арқылы өткізілді.

Exit mobile version