Басты бет Жаңалықтар Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жел, тұман, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Айгүл Хожантаева

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына Батыс антициклоны ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Exit mobile version