Қазіргі уақытта «Алтын Орда» жобасы 95% аяқталды. Негізгі бағыттар бойынша барлық жұмыстар орындалды. Жол 8-ден 10 жолаққа дейін кеңейтілді. Сонымен қатар басты магистральдық эстакаданың, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасының және де Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Жол бойында жарық шамдары орнатылды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үш жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Мердігер ұйым қиыршық тас мастикалық асфальтобетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын аяқтап, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, жол таңбаларын сызып жатыр, — деді Мейірхат Қасымбаев.
«Алтын орда» базары жанындағы жолды жөндеу жұмыстары 95% аяқталды
«Алтын орда» базары маңындағы Алматы-Бішкек учаскесінде жолды кеңейту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары 95% аяқталды. Бұл туралы басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев айтты.