Басты бет Жаңалықтар Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды

Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды

2022 жылдың басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Иллюстрация: Qandastar.kz

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 миллион 101,2 мың этникалық қазақ оралды, — делінген хабарламада.

Биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түрікменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% — басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларында қоныстанды.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% және зейнеткерлер 13,7% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2% — жоғары білімді, 38,9% — арнайы орта білімді, 46% — жалпы орта білімді және 1,8% — білімі жоқ, — деп нақтылады министрліктен.

Exit mobile version