Басты бет Жаңалықтар «Мерейлі отбасы — 2022» Республика күні қарсаңында өтіп жатыр – Балаева

«Мерейлі отбасы — 2022» Республика күні қарсаңында өтіп жатыр – Балаева

Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева мәлімдеді.

Аида Балаева. Фото: Аkorda.kz

«Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауы еліміздегі ең маңызды отбасы мерекесі. Жыл басынан үздік отбасыларды іріктеп, күзде жеңімпаздарды марапаттайтын дәстүріміз бар. Бүгін міне,осы жылдың қорытындысын жариялауға жиналып отырмыз, — деді Аида Балаева.

Айтуынша, биыл марапаттау рәсімі жылдағыдан ерекше.

Бұл салтанатты іс-шара ұлттық мәртебе алған Республика күні қарсаңында өтіп жатыр. Республика күні еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамын айшықтайтын, халқымыздың берекесі мен бірлігін нығайтатын ең маңызды ұлттық мейрам, – деді Балаева.

Марапаттау рәсіміне қатысу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, сондай-ақ барша көрермен қауым жиналды.

«Мерейлі отбасы — 2022» байқауына 2014 жылдан бері 20 мыңнан астам жанұя қатысқан. Биыл өткен байқауға 2542 отбасы қатысқан. Олардың 63,4 пайызы ауыл тұрғындары. Әр өңірден жиналған шығармашыл 20 отбасы жеңімпаз атанды.

Exit mobile version