Басты бет Жаңалықтар Алматыда 2023 жылдан бастап мектеп автобустары қатынайды

Алматыда 2023 жылдан бастап мектеп автобустары қатынайды

Алматыда қала мектептеріне 100 автобус сатып алынады. Олар 2023 жылдың қаңтар айынан бастап жүре бастайды.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғыны мектеп автобустары туралы сұрады.

Өткен мәслихаттың отырысында осы мәселені бюджетке кіргіздік. Биыл арнайы мектептер үшін 100 автобус сатып аламыз. Ол үшін жалпы 2 миллиард теңге бөлдік. Автобустар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүретін болады. Қаладағы 8 аудан ішінен автобус баратын 29 мектеп таңдалды. Бостандық ауданы бойынша автобус әл-Фараби даңғылының жоғары жағында орналасқан мектептерге таңертең қатынайды,- деді Ерболат Досаев.

Exit mobile version