Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия президентіне шахтада болған ірі апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза болғандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Exit mobile version