Басты бет Жаңалықтар Тоқаев елорда әуежайында Ердоғанды күтіп алды

Тоқаев елорда әуежайында Ердоғанды күтіп алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды.

Фото : t.me/bort_01

Естеріңізге сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысына қатысады.

Келіссөз барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.

Сонымен бірге Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.

Қазақстан-Түркия жалау, ту
Фото : t.me/bort_01

Exit mobile version