Басты бет Жаңалықтар Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 миллиард теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 миллиард теңге қарыз

Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке 1,5 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов  айтты.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Alexander Nazarenko

Бүгінгі таңда тұтынушылардың пайдаланған ыстық су мен жылу үшін кәсіпорын алдындағы жалпы қарызы шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде заңды және жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік мекемелер де бар. Қазір дебиторлық қарызды қайтару шараларын қолға алып жатырмыз, — деді Данияр Қазымбетов.

Компания өкілі қала тұрғындарын жылу мен ыстық суға қарыздарын төлеуге шақырды. Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполис жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген болатын.

Exit mobile version