Басты бет Қоғам Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекетті жандандыру керегін айтты

Тоқаев БҰҰ-мен өзара іс-әрекетті жандандыру керегін айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинді қабылдап отыр. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, президент кездесу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Exit mobile version