Басты бет Спорт Қанат Ислам рингке оралып, жеңіске жетті

Қанат Ислам рингке оралып, жеңіске жетті

Қанат Ислам (29-1, 22 КО) кезекті жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Фото Қанат Исламның Instagram-дағы парақшасынан

38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды.

Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Марсель карьерасында 18-рет жеңілді.

Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің карьерасындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.

Exit mobile version