Басты бет Қоғам Астана оқушылары халықаралық форумдарға байланысты қашықтан оқиды

Астана оқушылары халықаралық форумдарға байланысты қашықтан оқиды

Астанада халықаралық форумдардың өтуіне байланысты қаладағы мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшеді. Мұны қаланың білім басқармасы хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«13-14 қазанда астанада мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық форумдардың өтуіне байланысты қала жолдарының кейбір учаскесінде көлік қозғалысын уақытша ішінара шектеу жоспарланып жатыр. Осындай маңызды оқиғалар кезінде бұл тәжірибе осындай көп елде қолданылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектеп оқушылары мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінде меншік нысанына қарамастан, сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріледі», — делінген хабараламада.

Exit mobile version