Басты бет Жаңалықтар Тоқаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Тоқаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. 

Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі мұны келесі аптада өтетін ТМД саммитіне дайындық аясындағы өте маңызды оқиға деп атаған болатын.

Exit mobile version