Басты бет Жаңалықтар Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылады

Алматыда құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үй бұзылады

Алматының «Зерделі» шағынауданында қисайып кеткен 7 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар салынып бітпеген 2 көпқабатты үй бұзылады.

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Зерделі» шағынауданында проблемалы 32 үй болған. Бүгінгі күнге іргетасы нығайтылмаған 7 көпқабатты үй қалған еді. Олар жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі, — деді Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Оның айтуынша, нығайту жұмыстары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының» жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр.

Сонымен қатар осы аудандағы құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы бар. Мердігермен шартқа қол қойылды, жыл соңына дейін бұл үйлер бұзылады. Осы жерде тұрғындар талқылауынан кейін сквер салынады деп ойлаймыз,- деді шаһар басшысы.

Exit mobile version