Басты бет Жаңалықтар Тоқаев Павлодар — Астана әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды

Тоқаев Павлодар — Астана әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар - Астана әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды.

Фото: Рarstoday.com

Павлодар облысының экономикасының дамуына басқа өңірлермен әуе қатынасын жолға қою үлкен әсер ететіні анық. Қазіргі уақытта облыс орталығынан Астанаға тікелей рейстер жоқ. Жыл соңына дейін үкімет Павлодар — Астана бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі қажет. Сонымен қатар жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау қажет, — деп атап өтті президент аймақ жұртшылығымен кездесуде.

Айта кетейік, Павлодар 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Google-дағы топ-5 қаласына кірді.

Exit mobile version