Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысының 176 ауылында таза су жоқ

Қарағанды облысының 176 ауылында таза су жоқ

Қарағанды облысының 176 ауылында таза су жоқ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде айтылды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Облыстағы 176 ауылда таза су жоқ. Биыл 37 елді мекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Кейінгі жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын. Көлді сақтау және каналды қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы керек. Қазір суды тазартып, тұшытатын заманауи технологиялар баршылық. Қандай шөлді жер болса да, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге болады. Әкімдік ірі бизнес өкілдерімен бірге бұл жұмысты мықтап қолға алуы керек, — деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version