3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Нұрдәулет Қилыбайдың орнына Ақтаудың жаңа әкімі кандидатурасын ұсынды. Президент әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұрын Ақтау әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ербол Ізбергенов болды, — делінген хабарламада.
Облыс әкімдігі мәліметінше, депутаттар Ізбергеновтің кандидатурасын қолдаған.
Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, Ербол Ізбергеновке Ақтаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, — деді облыс әкімдігі өкілдері.